(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) БӘСЕКЕЛЕСТІКТІҢ ЖАЛПЫ ҚАҒИДАТТАРЫ МЕН ҚАҒИДАЛАРЫ ТУР...

Еуразиялық экономикалық

одақ туралы шартқа

№ 19 ҚОСЫМША

 

Осы редакция 2019 жылғы 1 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды (2021 жылғы 15 шілдеден бастап күшіне енді)

 

Бәсекелестіктің жалпы қағидаттары мен қағидалары туралы

хаттама

 

 

І. Жалпы ережелер

 

1. Осы Хаттама Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың (бұдан әрі - Шарт) XVIII бөліміне сәйкес әзірленген және оның қолданылу ерекшеліктерін, екі және одан көп мүше мемлекеттердің аумағындағы трансшекаралық нарықтарда (бұдан әрі - трансшекаралық нарық), бәсекелестіктің жалпы қағидаларын бұзғаны үшін айыппұл санкцияларын Комиссияның мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарымен өзара іс-қимылын қоса алғанда, трансшекаралық нарықтарда бәсекелестіктің жалпы қағидаларының сақталуын бақылауды жүзеге асыру тәртібін, бәсекелестік (монополияға қарсы) заңнаманың сақталуын бақылауды жүзеге асыру кезінде мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарының өзара іс-қимылы қағидаттарын айқындайды, сондай-ақ мемлекеттік баға реттеуді енгізу және мүше мемлекеттердің оны енгізу туралы шешімдерін даулау тәртібін айқындайды.

2. Осы Шартта пайдаланатын, сондай-ақ Шарттың XVIII бөлімінің мақсаттары үшін келесі терминдер мынаны білдіреді:

1) «сатылас келісім» - бірі тауарды сатып алатын немесе оның ықтимал сатып алушысы болып табылатын, ал екіншісі тауарды ұсынатын немесе оның ықтимал сатушысы болып табылатын шаруашылық жүргізуші субъектілері (нарық субъектілері) арасындағы келісім;

2) «өзара алмастыратын тауарлар» - өзінің функционалдық арналымы, қолданылуы, сапалық және техникалық сипаттамалары, бағасы және басқа да параметрлері бойынша салыстыруға болатын, осылайша сатып алушы тұтыну кезінде (оның ішінде өндірістік мақсаттарда тұтыну кезінде) бір тауарды екіншісімен шынайы алмастыратын немесе алмастыруға дайын болатын тауарлар;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.